KZ
Өскемен
-2°
пасмурно жел 1 м/с, С
504.49 587.73 6.57

Елімізде әлеуметтік маңызды дәрілер арзандайды

depositphotos.com

8.07.2025, 15:00 250 Айна Ескенқызы

Денсаулық сақтау министрлігі жетекші фармацевтикалық компаниялармен ынтымақтастықты нығайтты. Енді қазақстандықтар үшін қымбат дәрі-дәрмектердің бағасы төмендейді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Министрлік «Химфарм» АҚ, «Johnson & Johnson Kazakhstan» ЖШС және «АстраЗенека Қазақстан» ЖШС сынды ірі фармкомпаниялармен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды.

Келісімдер әлеуметтік маңызы бар және өмірлік маңызды дәрілердің бағасын төмендетуге, инновациялық терапияға қолжетімділікті арттыруға бағытталған.

Арасында  сирек кездесетін ауруларға арналған препараттар да бар

«АстраЗенека» компаниясы инновациялық дәрілердің бөлшек және көтерме саудадағы бағасын төмендетуге дайын екенін мәлімдеді. Компания өкілі Арсен Насырхановтың айтуынша, бұл өзгеріс бірнеше миллион пациентке көмек болмақ. Ал Johnson & Johnson компаниясымен жасалған меморандум шеңберінде жұлын бұлшықет атрофиясын емдеуге арналған Спинраза (Нусинерсен) препаратының құны қайта қаралады.

Қант диабетімен ауыратындарға жеңілдік болады

«Химфарм» АҚ 2 типті қант диабетін емдеуде қолданылатын Дапаглифлозин препаратының сатып алу бағасын төмендетуге дайын екенін растады. Қазақстанда бұл дертпен 520 мыңнан астам адам тіркелген.

Министр Ақмарал Әлназарованың айтуынша, мұндай ынтымақтастық фармацевтикалық нарықтағы тұрақтылықты нығайтып, халықтың заманауи емге қолжетімділігін арттырады.

Меморандум аясындағы өзге де маңызды бағыттар:
    •    баға динамикасын бақылау
    •    инновациялық препараттарды қаржыландыру тетіктерін жетілдіру
    •    үздік тәжірибелермен алмасу
    •    салалық заңнаманы жетілдіруге ұсыныстар әзірлеу

Министрлік барлық фармацевтикалық компанияларды медициналық көмектің сапасын арттыруға және ұлт денсаулығын нығайтуға бағытталған әлеуметтік жауапты бастамаларды қолдауға шақырады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу