KZ
Өскемен
+14°
ясно жел 1 м/с, С
479.05 534.57 5.17

Қазақстанда С гепатитін емдейтін инновациялық препарат қолжетімді болды

23.05.2019, 10:27 170

Қазақстанға С гепатитіне қарсы Софосбувир, Ледипасвир және Велпатасвир сынды қымбат дәрілердің түпнұсқасын ғана емес, генерикалық препараттардың баламасы да сатып алынатын болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайтында жарияланып отыр.

Еліміз аталған лицензияға ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен Gilead фармкомпаниясы арасындағы меморандум аясында қол жеткізді. Тараптар құжатқа қол қойды. Бұл келісім Қазақстанның С гепатитіне қарсы арзан әрі сапалы дәрі сатып алуына мүмкіндік береді.

Енді науқастарға С гепатитін емдейтін инновациялық препарат қолжетімді болды. Бұрын Софосбувир, Ледипасвир және Велпатасвирдің құны мың долларға дейін жетсе, қазір оның бағасы 100 доллардан төмендеген екен. Бұл дәрілерді пайдаланған науқастар ауруынан 90 пайызға айығатыны айтылады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив