Дәрі-дәрмектің министрлік бекіткен бағасы қандай?
Өткен жылы 15 шілдеде Денсаулық сақтау министрлігі дәрілік препараттардың көтерме және бөлшек саудадағы шекті бағаларын бекіткен болатын. Бұл құжат 2020 жылдың 9 қаңтарында жаңартылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Дәрілердің бағасы қаптамасы мен өндірілген жеріне қарай ерекшеленеді.
Құжатқа сәйкес аскорбин қышқылының (С дәрумені, таблетка, драже түрінде) бөлшек саудадағы бағасы 64 теңгеден 294 теңгеге дейін, инъекция түрінде – 367-1045 теңге аралығында.
Арбидол бағасы – 2123-4040, Антигриппин – 347-696, Азитромицин – 1083-4305, Ацетилсалицил қышқылы (Аспирин) – 49-128, Анальгин – 87-149, Ацикловир (таблетка) – 240-1500 теңге, АЦЦ – 1350-6120, Бромгексин – 145-1700, Парацетамол (таблетка) – 33-128, Ибупрофен – 99-1238, Ингавирин – 3078-5640, Клексан (инъекция) – 7167-33 933, Преднизолон — 377,5 - 576,37 (таблетка), 827,5 - 1203 (инъекция), Сумамед - 2 502 - 10 550, Тамифлю – 9993, Цефтриаксон – 127,5 – 5234,
Дәрі-дәрмектің бекітілген бағаларының толық тізімімен мына сілтемеде танысуға болады. Онда препараттардың 6191 атауы көрсетілген.