Денсаулық сақтау министрлігі: Қазақстанда 162 млн дәрі-дәрмек қаптамасы таңбаланды
gov.kz
Бүгінгі таңда Қазақстанда 162 миллион дәрі-дәрмек қаптамасы таңбаланды. Оның ішінде 152 миллионы дәрі-дәрмектерді міндетті таңбалау енгізілгеннен кейін таңбаланған. Сондай-ақ, 16 миллион дәрі-дәрмек қаптамасы таңбаланып, дәріханалардың бөлшек сауда желісіне шығарылған. Бұл дәрі-дәрмектердің қозғалысын ақпараттық жүйеде өндірушіден тұтынушыға дейін қадағалауға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Бүгінде дәрі-дәрмек айналымына қатысушы барлық тараптар таңбалауды енгізу жұмыстарын аяқтады, атап айтқанда:
- 19 отандық өндіруші;
- 278 көтерме сауда субъектісі;
- 3 169 дәріхана мен бөлшек сауда нүктесі.
Денсаулық сақтау министрлігі таңбаланған дәрі-дәрмектердің қозғалысын бақылауды жалғастырып, олардың өмірлік циклының барлық кезеңдерінде қадағалауды қамтамасыз етуде.
2024 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда барлық дәрі-дәрмекке міндетті цифрлық таңбалау енгізілді. Бұл шара контрафактілік өнімдермен күресуге және дәрі-дәрмек нарығының ашықтығын арттыруға бағытталған.
Цифрлық таңбалау – азаматтардың денсаулығын қорғауға және Қазақстан нарығындағы дәрі-дәрмектер сапасына деген сенімділікті арттыруға жасалған маңызды қадам.
Айта кетейік, Қазақстанда дәріханаларға көмек көрсету мақсатында NS Pharm атты тегін мобильді қосымша әзірленді. Бұл қосымша таңбаланған өнімдермен жұмыс істеуді жеңілдетіп, шағын дәріханаларға, соның ішінде ауылдық жерлер мен шалғай аймақтарда орналасқандарды қолжетімді етеді. Бұл фармацевтикалық бизнеске арналған заманауи цифрлық шешім барлық заң талаптарына сай келеді, жабдық шығындарын азайтады және күрделі IT-қолдауды қажет етпейді.