Шығыс Қазақстан экономикасы: өңір дамуы тұрғындардың өмір сапасымен өлшенбек
Өңірдің экономикалық саясаты алдағы жылдары нақты үш негізгі көрсеткіш арқылы бағаланбақ. Бұл — жалпы өңірлік өнім, негізгі капиталға салынатын инвестициялар көлемі және жергілікті бюджеттің өзін-өзі қамтамасыз ету деңгейі. Мұның барлығы, ең алдымен, Шығыс Қазақстан халқының өмір сапасын арттыруға бағытталған деп баспасөз конференциясын қорытындылады облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов, деп хабарлайды Altainews.kz.
Мұндай серпін инвестицияларды белсенді тарту арқылы жүзеге асады — олардың көлемі 2,3 трлн теңгеге дейін жеткізілмек. «Әрбір теңгенің экономикаға құйылуы құрылыс қарқынын жеделдетіп, кәсіпорындарды жаңғыртуға, жаңа жұмыс орындарының ашылуына, халық табысының өсуіне жол ашады», деген аймақ басшысы нәтижесінде облыс бюджетінің меншікті кірістер үлесі 37 пайыздан 50 пайызға дейін өсетінін жеткізді.
Бұл — әлеуметтік инфрақұрылымды дамытудың, мемлекеттік қызметтердің сапасын арттырудың және өңірдің экономикалық тұрақтылығын нығайтудың берік қаржы базасын қалыптастыратын маңызды қадам.