Биылғы алғашқы тоқсанда ШҚО экономикасы 7,7 пайызға өсті
VII шақырылған Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кезекті XIII сессиясында өңірді дамыту жоспарын іске асыру және облыстық бюджеттің орындалуы қорытындыланды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Өткен жылдың қорытындысы бойынша әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің өсу қарқыны жоғары. Атап айтқанда, өңірдің экономикасы үш пайызға, жалпы өңірлік өнім 14 пайызға өсті.
- Осы жылдың бірінші тоқсанында экономика 7,7 пайызға өсті, орташа республикалық көрсеткіш 4,7 пайызды құрады. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 4 пайызға, инвестиция 14 пайызға, тұрғын үйді пайдалануға беру 10 пайызға артты, - деді Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев.
Айта кетейік, былтыр облыс бюджетіне 485,9 млрд теңге кіріс түскен.
Оқи отырыңыз