KZ
Өскемен
+17°
гроза жел 7 м/с, В
518.07 595.21 6.37

Алматы - Өскемен тасжолы жабылды

22.01.2021, 17:41 306

Қарлы боранға байланысты өңірлік және республикалық маңыздағы жолдар жабылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Нақтырақ айтқанда, Алматы – Өскемен автомагистралі және Алматы облысы шекарасынан Таскескен бұрылысына дейін көлік қозғалысына тыйым салынды.

-  «Қазавтожол» ЖШС ШҚОФ ақпараты бойынша 22.01 сағ. 16-50-ден ауа райының нашарлауына байланысты (боран, жолдың көрінбеуі) облыстың республикалық маңызды а/ж учаскісінде км 615-683 «Алматы - Өскемен» жолы автокөліктердің барлық түрлері үшін жабылады, - деп хабарлайды ШҚО ТЖД департаменті.

Облыстық төтенше жағдай департаментінің мамандары тұрғындарды осы бағытқа жолға шықпау керектігін ескертеді.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу