KZ
Өскемен
-17°
плотный туман жел 1 м/с, В
523.86 544.34 5.11

ШҚО-да Достық үйінің 30 жылдығы атап өтілді

25.10.2022, 12:20 214
Республика күні қарсаңында Өскемен қаласында Достық үйінің 30 жылдығын мерекелеу аясында Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХVIII сессиясының кеңейтілген отырысы және мерекелік концерт өтті.
Іс-шараға өңір басшысы Даниал Ахметов, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин, Достық үйі мен ҚХА белсенділері, «Ассамблея жастары» қозғалысының мүшелері, облыс жастары мен жұртшылығы қатысты.
1992 жылы Өскеменде Қазақстан тарихындағы алғашқы Достық үйі ашылды. «Облыс қалалары мен аудандарының 7 Достық үйінің базасында 72 этномәдени бірлестік жұмыс істейді, түрлі ұлттардың 8 тілі еркін оқытылады. Облыста медиацияны ілгерілетудің оң тәжірибесі жинақталған. Бейінді мемлекеттік органдармен және кәсіподақтармен меморандумдар іске асырылуда. Облыстық Достық үйінің базасында Медиация кабинетінің виртуалды қабылдау бөлмесі жұмыс істейді. Біз кәсіби және қоғамдық медиаторлардың әлеуетін пайдалана отырып, медиативтік рәсімдерді қолдануды кеңейтуіміз қажет. Мұның бәрі ауқымды этносаралық коммуникацияның тиімді алаңына айналуы тиіс. Осы мақсатта біз 241 қалалық, аудандық, ауылдық округтік Қоғамдық келісім кеңестерінің, Аналар кеңестерінің әлеуетін барынша пайдалануымыз қажет» деді ШҚО әкімі Даниал Ахметов отырыс барысында.
Сонымен қатар, ол ШҚО халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптамалық тобына этнографиялық зерттеулер мен толеранттылық мектебінің жобасын жалғастыруды тапсырды.
- «Жастармен жұмыс барлық қоғамдық институттар мен Достық үйлерінің базасында болуы тиіс. «Ассамблея жастары» қозғалысының мүшелері жастарды еріктілер қозғалысына тарту, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру, кәсіп алу мен жұмыспен қамтуды мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру жұмыстарын күшейтуі қажет» деп атап өтті облыс әкімі.

 Іс-шара барысында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин Шығыс Қазақстан жұртшылығын келе жатқан Республика күнімен құттықтады.

- «Бұл күндері біз ШҚО Достық үйінің 30 жылдығын атап өтудеміз. Дәл осы Шығыс Қазақстанның тәжірибесі бүкіл Қазақстан бойынша 40-тан астам Достық үйінің құрылуы мен жұмыс істеуіне негіз болды, сондықтан оның орыны мен Сіздер атқарып отырған  жұмыстың  маңызы бүкіл еліміз үшін ерекше және аса қажет. Баршаңызға елдегі бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз ету жолындағы күнделікті еңбектеріңізге алғыс айтамын,- деп құттықтады Комитет төрағасы.

 Сөз соңында, Өскемендегі тұңғыш Достық үйінің 30 жыл бойы  өңірдегі татулық пен келісім ордасы ретіндегі миссиясын абыроймен атқарып келе жатқанын айта кету орынды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу