ШҚО-дағы Марқакөл ауданында су тасқынының алдын алу шаралары
Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданындағы Орта-Теректі су қоймасында су тасқынының алдын алу шаралары қарқынды жүргізілуде. Бұл су қоймасы ауыл шаруашылығы қажеттіліктеріне, атап айтқанда, ауыл тұрғындарының бау-бақшаларын суару үшін пайдаланылады.
2024 жылы нысанның техникалық жағдайына кешенді сараптама жүргізілді. Тексеру нәтижесінде су қоймасына жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы шешім қабылданды. Осы мақсатта профилактикалық шаралар шеңберінде су ағызғышқа тор төселіп, бетондалды, сондай-ақ Орта-Теректі өзенінің түбі тереңдетілді.
Қазіргі уақытта бөгеттер мен су бұру жүйелері де қоса алғанда, барлық негізгі құрылымдар қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр. Тұрғындарға ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.
Биыл Орта-Теректі су қоймасының бөгетін жоспарлы түрде қайта құруға арналған жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу көзделіп отыр.
ШҚО әкімінің баспасөз қызметі