Марқакөлдегі Орта Теректі бөгеніндегі су деңгейі қалыпты
Марқакөл ауданында су тасқынының екінші кезеңіне дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өйткені биыл Марқакөл ауданы аумағына қар қалың жауған болатын, деп хабарлайды Altainews.kz
Жергілікті атқарушы органның өкілдері «ҚазСуШар» және коммуналдық шаруашылық қызметкерлерімен бірлесе отырып Орта Теректі өзеніндегі су қоймасының бойына 1000 қап иннертті материал төседі, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
– Көктемгі су тасықынының алдын алу шараларының екінші толқыны аясында Марқакөл ауданына қарасты Орта Теректі өзеніндегі су қоймасының жағалауын бекіту жұмыстарын жүргіздік. Дайындыққа «ҚазСуШар» және коммуналдық шаруашылық қызметкерлері қатысып, 1000 қап иннертті материал су қоймасының жағалуына төселді. Судың деңгейін мамандар тұрақты түрде бақылап отыр, – дейді Марқакөл ауданы әкімінің міндетін атқарушы Рүстембек Кемешев.
Су тасқынына дайындық жұмыстарына аудан тұрғындары мен ерікті жастар да атсалысып, қар суынан келер қауіптің алдын алуға көмектесіп жатыр.
Оқи отырыңыз