Марқакөлде облыстық маңызы бар жолдың шеті опырылып кеткен
«Теректі-Ұрынқай-Төсқайың» автожолының 64 шақырымындағы бұл жолда қазір «ОблШығысЖол» мекемесі жұмыс істеп жатыр.
Марқакөл ауданында «Теректі-Ұрынқай-Төсқайың» облыстық маңызы бар автомобиль жолының 64 шақырымында, Ұрынқай ауылының маңында жолдың шеті опырылып түскен, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
– Қазіргі уақытта тиісті жол белгілері орнатылып, ауыр жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылды, – деп хабарлады ШҚО әкімінің баспасөз қызметі. – «ОблШығысЖол» мекемесінің техникасы жұмылдырылып, жолдың шетін қайта қалпына келтіру жұмыстары қолға алынбақ. Болжам бойынша, ертең 13 мамыр күні жолдың шеті толықтай қалпына келтіріп, қозғалыс жанданады. Жағдай бақылауға алынды.
Оқи отырыңыз