KZ
Өскемен
+9°
пасмурно жел 3 м/с, Ю
477.62 527.67 5.25

Күршім мен Марқакөлдегі магистралдық су арналары жөнделеді

сурет редакция архивінен

20.08.2024, 16:50 121 Жанаргүл Мұқатай

Егін түсімінің артуына жаңбырлатып суару, тамшылатып суару сияқты алдыңғы қатарлы технологияларды қолданумен қатар суармалы алқаптарды көбейтудің де септігі көп. Облыста суармалы алқаптардың аумағы жылдан жылға  ұлғайып келеді.

Республикалық меншіктегі су шаруашылығы нысандарын пайдаланумен және ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне суармалы су берумен айналысатын  облыстағы «Қазсушар» РМК  филиалының директоры Нұржан Әміржановтың айтқанындай, жазда филиалдың арналары арқылы аудандардағы 7575 гектар суармалы  жерге 28,5 млн. текше метр су берілген, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Облыс бойынша  су арналары арқылы су алуға 548 шаруашылық  келісім-шарт жасасқан.

«Қазсушар» РМК  филиалының құрамына Зайсан, Ақжар, Күршім өндірістік учаскелері кіреді. Филиал теңгерімде ШҚО бойынша 53 су шаруашылығы нысандары бар, оның ішінде: - 3 су қоймасы; - 7 су торабы; - 43 магистральдық канал.

Осы гидротехникалық құрылыстарға барлығы 49,609 мың. гектар суармалы жер бекітілген.

Ағымдағы жылдың вегетациялық кезеңінен кедергісіз өту мақсатында филиал  күшімен Күршім, Зайсан және Тарбағатай аудандарында жалпы ұзындығы шамамен 43 км суару арналарында тазарту жұмыстарын жүргізген.

Биыл арналармен су беру қызметі бойынша инвестициялық бағдарлама шеңберінде 3 магистральдық арнаны: Күршім ауданындағы "Жауғашты" МА, Марқакөл ауданындағы "Қарақия" және "Победа" МА реконструкциялау бойынша жобалық сметалық құжаттар әзірлеу, сондай-ақ Зайсан ауданының Үйдене суару жүйесінің Р-3 және ЛМК - 2 магистральдық арналарында автоматтандыру жүйесін қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Үш арна бойынша жобалық сметалық құжаттар әзірлеу жыл соңына дейін аяқтамақ. Бүгінгі таңда арналарды топографиялық түсіру  жұмыстары, сондай-ақ геологиялық жұмыстар жүргізілуде. Автоматтандыру жүйесін қалпына келтіру бойынша мердігерлік ұйым анықталған, жұмыстар жыл соңына дейін аяқталмақ.

– Сондай-ақ биыл  каналдар арқылы су беру қызметі бойынша суды есепке алу үшін 7 гидропостты жөндеу жоспарланып отыр (Күршім ауданында - 5, Зайсан ауданында – 1, Тарбағатай ауданында-1). Республикалық бюджет қаражаты есебінен Зайсан ауданында Кендірлік суару жүйесіне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда, атап айтқанда, Кендірлік су торабында және Жаңа Тоғам магистралдық арнасында бетон жұмыстары, сонымен қатар Қаратоғам арнасында  тазарту және бекіту ысырмаларын ауыстыру жұмыстары жүргізіледі, – дейді «Қазсушар» РМК облыстық  филиалының директоры Нұржан Әміржанов.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив