KZ
Өскемен
переменная облачность жел 2 м/с, З
481.84 531.33 5.07

ШҚО-да 3 жастағы бала бесінші қабаттан құлап кетті. Жағдайы ауыр

2.06.2021, 10:36 89

1 маусым күні Бородулиха ауданы, Жезкент кентінде ата-анасының қарауынсыз қалған 2018 жылы туған бала жатақхананың бесінші қабатындағы терезеден құлап түсті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі ШҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Куәгерлердің айтуынша, алдымен мысық терезеден, артынан қыз құлаған. Құтқарушылар бұл өңірде жыл басынан бері екінші жағдай екенін айтады.

-  Баланың жағдайы ауыр, қазір ауруханада жатыр. Көбінесе бұндай жазатайым оқиғалар ата-аналар қорғаныс құрылғыларын уақытында орнатпағандықтан және балаларды жалғыз қалдырып, немқұрайдылық танытқандықтан болады. Департамент мамандары акциялар, профилактикалық рейдтер өткізіп, ата-аналарға қауіпсіздік шараларын жеткізеді, алайда барлық отбасылар туындаған проблеманың мәнін түсінбейді. Ата-аналардың өздері жауапкершілік танытып, баласының қауіпсіздігі туралы алаңдамаса, қайғылы жағдайлар жалғаса береді, - дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі. 


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив