ШҚО-да 9 бала терезеден құлап кетті
Шығыс Қазақстан облысында өткен жылы 9 бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап кеткен, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Құтқарушылардың айтуынша, жазатайым жағдайларға көбінесе ата-аналардың салғырттығы себеп.
– Балалар қараусыз қалғандықтан терезеден құлайды. Оның үстіне үлкендер үнемі терезенің алдына әлдебір жиһаз қойып кетеді. Бала соған жармасып, терезенің алдына шығады. Ал жаздыгүні терезенің торы баланың салмағын көтере алмайды. Осының салдарынан жазатайым оқиғалар болып жатады, – деп мәлімдейді қалалық ТЖБ.
Өткен жылы облыс бойынша 9 бала терезеден құлап кеткен. Биыл әзірше мұндай оқиға тіркелмеген.