ШҚО-да жыл басынан бері жеті бала терезеден құлап кетті
Шығыс Қазақстанда жыл басынан бері жеті бала көпқабатты үйдің терезінен құлап кетті. Құтқарушылардың айтуынша, биылғы жылы жазатайым оқиғалар саны арта түскен, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Жеті баланың үшеуі – үш жастан алты жасқа дейінгі бүлдіршіндер.
– Өскемен қаласында үш жағдай, Семейде екі, Курчатов және Алтай қалаларында бір-бір жағдайдан тіркелді. Төрт бала түрлі дене жарақатын алып, аман қалса, үшеуі өкінішке орай көз жұмды, – деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
ШҚО ТЖД мамандары ата-аналарды балаларға көбірек көңіл бөлуге шақырады.
Оқи отырыңыз