KZ
Өскемен
-11°
туман жел 2 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

"Беткі жағы үгілген, ашыған дәмі бар". ШҚО-дағы дүкендерден қауіпті өнімдер анықталып жатыр

29.04.2021, 15:31 227

ШҚО-да өткізушілерге, жеткізушілерге, импорттаушыларға және өндірушілерге қатысты анықталған бұзушылықтарды жою бойынша іс-шаралар жүргізілді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Нәтиже бойынша 40 045 теңге сомасына 44,51 кг қауіпті тамақ өнімдері айналымынан шығарылды. Зерттеуге барлық негізгі және әлеуметтік сұранысқа ие өнімдер тобы: ет, сүт, балық, құс өнімдері, кондитерлік және нан-тоқаш өнімдері, балалар тағамы өнімдері, май өнімдері, шырын өнімдері, энергетикалық, алкогольсіз сусындар, жемістер, көкөністер және басқа да өнім түрлері алынды.

Мәселен, Новосибирск қаласының өндірушісі «Сибирь-Масло» ЖШҚ «Крестьянское масло сладко-сливочное несоленое 72,5%» майында органолептикалық көрсеткіштерге сәйкес келмейтіні анықталды: беткі жағы үгілген, сәл ашыған дәмі, сыртқы хош иістер мен иістердің болуы, бұл өндіріс технологиясының бұзылуын және өнімді сақтау / сату шарттарының бұзылған.

- ҚР ДСМ СЭБ комитетінің ШҚО бойынша «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалы жүргізген санитариялық-эпидемиологиялық сараптама нәтижелері бойынша тамақ өнімдерінің 86 сынамасы (17,6%) Кеден одағының (ЕАЭО) техникалық регламенттерінің міндетті талаптарына сәйкес келмейді. Сәйкес келмейтін өнімнің негізгі үлесі 79% (68 сынама) – ЕАЭО мүше мемлекеттерінен (67,4% немесе 58 сынама) және басқа елдерден (11,6% немесе 10 сынама) әкелінетін импорттық өнім. Отандық өндірушілер өнімдерінің сәйкессіздік үлесі 21% (18 сынама) құрады, - деп хабарлайды ШҚО Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі,

Дүкен сөрелерінде талапқа сәйкес келмейтін өнімдер анықталған жағдайда, тұрғындар жазбаша түрде Шығыс Қазақстан облысының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне немесе оның аумақтық басқармаларына жүгіне алады.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу