Шығыста шенеуніктер шуы: Ішіп алып, қызға қол жұмсаған
ШҚО Мәдениет басқармасының басшысы Мирас Жұмағұлов тағы да жанжалдың астында қалды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі. Бұл жолы оқиғаға қатысты ШҚО Полиция департаменті түсініктеме берді.
Полицияның мәліметі бойынша, 30 наурыз күні таңғы сағат 5.00-де «Қабанбай батыр көшесі, 109-үйдегі қоғамдық орында» болған шенеунік мас күйде23 жастағы қызбен сөзге келіспей қалған.
Таңатпай жанжал шығарған осы әрекеттері үшін екі тұлға да әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Одан бөлек, жанжал кезінде полицияның мәліметі бойынша ер адам қызға қол жұмсаған. Мемлекеттік қызметкердің бұл әрекеті туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті мән-жайлар нақтыланғаннан кейін түсініктеме беретінін айтты. Есесіне ШҚО әкімінің баспасөз қызметі Айгүл Базарова оқиға қатысты пікір білдірді.
Еске салайық, өткен жылдың желтоқсон айында қаладағы ресторандардың бірінде болған шуға да ШҚО Мәдениет басқармасының басшысы Мирас Жұмағұловтың қатысы болған.- ШҚО мәдениет басқармасының басшысына қатысты әлеуметтік желілерде тараған ақпарат бойынша қазіргі уақытта жауапты органдармен бірге тексеріс жүргізіліп жатқанын хабарлаймыз. Оның қорытындысы бойынша заң аясында тиісті шаралар қабылданатын болады. Нәтижелері туралы қосымша хабарлаймыз, - деді ШҚО әкімінің баспасөз хатшысы.