KZ
Өскемен
-17°
небольшой снег жел 1 м/с, С
505.71 591.43 6.65

Өскеменде жоғалып кеткен бала аман-есен табылды

15.08.2022, 17:53 407

Өскеменде жоғалып кеткен 12 жастағы аутизммен ауыратын бала табылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Естеріңізге сала кетейік, 12 жастағы Тамирлан Ахмеджанов 14 тамызда түнгі сағат 02:30 шамасында үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмағанын хабарлаған болатынбыз.

Кәмілетке толмаған бала іздеу шаралары барысында ТМК көпірі маңындағы шұңқырдан табылған. Оған алдымен медициналық көмек көрсетіліп, кейін ата-анасының қолына тапсырылатын болады.

Тамирланды іздеу жұмыстарына полиция қызметкерлері, ҚР Ұлттық Ұланының әскери қызметкерлері, құтқарушылар мен еріктілерден 550-ге жуық адам тартылған.  

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу