Өскеменде жоғалып кеткен 12 жастағы қыз үйіне оралды
Өскеменде кеше 12 жастағы қыз балаға іздеу салынды. Бүгін жоғалып кеткен баланың үйіне аман-есен оралғаны белгілі болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
2007 жылы туған Жанерке есімді қыз 7 тамыз күні сағат 17:30 шамасында үйінен (Есенберлин көшесі, 4а) шығып кетіп, із-түссіз жоғалған еді. Қала тұрғындарын уайымға салған 12 жастағы қыз кеше табылыпты. Алайда, бір тәуліктен аса уақыт қайда болғаны әзірше белгісіз.
– Жанерке табылды. Дін аман. Қазір үйінде, – деп мәлімдеді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Оқи отырыңыз