KZ
Өскемен
-1°
плотный туман Штиль
480.61 534.53 5.28

Өскеменде аутизммен ауыратын 12 жастағы балаға іздеу жарияланды

15.08.2022, 09:51 138

Өскеменде 12 жастағы аутизммен ауыратын бала жоғалып кетті, деп хабарлайды ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, "102" арнасына хабарласқан азамат 14 тамызда түнгі сағат 02:30 шамасында үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен баласының табылмай жатқанын айтқан. 12 жастағы Темірлан Ахмеджанов аутизммен ауырады.

"Полиция қызметкерлері дереу жедел-іздестіру жұмыстарына кірісті. Сонымен қатар іздеуге құтқарушылар, кинологтар, ҚР Ұлттық Ұланы сарбаздары мен волонтерлер жұмылдырылған. Қазіргі уақытта олар үйлер мен аулаларды аралап тексеруде. Квадрокоптермен де іздеу жұмысы жүріп жатыр", - делінген ақпаратта. 

Баланың үстінде көк жемпір, камуфляжды шалбар, жасыл тәпшіке болған. Тәртіп сақшылары оның қайда екені жайлы қандай да бір ақпарат білетіндерге полицияға хабар беруін сұрайды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив