KZ
Өскемен
-8°
туман жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Қазгидромет: "Шығыс Қазақстанда 4 күн қатарынан боран соғады"

3.03.2021, 15:04 209

«Казгидромет» РМК ШҚ филиалының ақпараты бойынша 04 наурызда Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерінде тұман, күндіз кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с.

- Тұрғындар барлық қауіпсіздік шараларын сақтауы қажет. Мүмкіндігінше елдімекеннен шықпауға, егер де аса қажет болған жағдайда жолға дайындалып шығуды ескертеміз, - дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Өзіңмен бірге не алу қажет? Трос, күрек, шыныны тазалайтын қырғыш, шам, жылы киім, телефон, қуатталған PowerBank, ыстық шәй құйылған термос, көзге бірден түсетін мата.

- Жолға шығар алдында ауа-райы мен жолдардың жағдайын біліңіз,ол үшін Дармен ұялы қосымшасын жүктеуге болады. Республикалық жолдар туралы 26-28-08, облыстық жолдар туралы – 57-42-52 телефондарынан біле аласыздар, - дейді баспасөз қызметі. 


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу