KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 3 м/с, СШ
442.05 474.14 4.74

Шығыс Қазақстанда аяз түсіп, қарлы боран соғады

25.11.2022, 17:27 449 Мадина Амангелдіқызы

ШҚО аумағында бүгін қатты аяз түсіп, қарлы боран соғады.

Төтенше жағдайлар қызметі аймақ тұрғындарын қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

"Қазгидромет" ШҚ филиалының ақпараты бойынша, 26 қарашада облыстың басым бөлігінде қар мен бұрқасын күтіледі. Желдің екпіні 23-28 м/с дейін жетеді.

Өскемен қаласында ауа температурасы 18-20 градус аязға дейін күрт төмендеуі мүмкін.

Осы ретте ТЖ қызметі тұрғындарға қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады. Яғни, елді мекендерден тыс жерлерге шықпау, ал шығу аса қажет болған жағдайда, жолға мұқият дайындалу.

Алыс жолға шыққанда өзіңізбен бірге міндетті түрде алып жүретін заттар: тросс, күрек, шыны тазалағыш, жанармай қоры, жылы заттар, телефон, зарядталған PowerBank, қолшам, азық-түлік қоры, ыстық шай құйылған термос, жарқын түсті мата.

Сондай-ақ, ең алдымен,  жол жағдайын "Дәрмен" тегін мобильді қосымшасы арқылы нақтылап алған жөн.  

Республикалық маңызы бар жолдардағы ахуал жайлы  26-28-08, облыстық жолдар туралы 57-42-52 телефондары арқылы ақпарат алуға болады.

Жолда жылдамдық режимі мен қашықтық сақталуы тиіс.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив