Өскемендегі саябақтар есігін айқара ашты (фоторепортаж)
Тлеубек Шаяхметтің суреті
Бүгін Өскемен қаласындағы барлық саябақ есігін айқара ашып, жұмысын бастады.
Мереке қарсаңында ашылған демалыс орындарына халық көптеп жиналып, Бірлік күнін атап өтті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Жастар саябағында жиналған тұрғындардың қарасы қалың. Мұнда бүлдіршіндер мен түрлі би ұжымдары қала тұрғындарын құттықтауда.
Жамбыл Жабаев атындағы саябақта да “Бір аспан астында” атты мерекелік концерт өтіп, қатысушылар мен тұрғындар бірігіп әлем халықтарының биінен флешмоб биледі.
Оқи отырыңыз