KZ
Өскемен
+10°
небольшой проливной дождь жел 4 м/с, В
442.05 474.14 4.74

Қазақстан халқының бірлігі күніне орай концерт өтті – Өскемен

Суреттер автордікі
Суреттер автордікі
1.05.2023, 13:13 510 Ләззат Қанатқызы

ШҚО тұрғындары 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесін атап өтуде. Бұл күні еліміздің түкпір-түкпірінде мерекелік концерттер мен түрлі шаралар жоспарланған.

Өскемен қаласының тұрғындары да Қазақстан халқы бірлігі күні мерекесін ерекше көңіл-күймен атап өтті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Жамбыл Жабаев атындағы саябақта бүгін “Бір аспан астында” атты мерекелік концерт өтті. Саябаққа жиналған жұртшылық сән-салтанаты жарасқан қазақстандықтардың ынтымағы мен татулығына тағы бір рет куә болды.

Шаhардың кішкентай тұрғындары жиналғандарға өнерлерін паш етіп, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Ән айтты, түрлі мультфильм кейіпкерлерімен ойын ойнады, әлем халықтарының биінен флешмоб та биледі.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Өскемен қаласындағы барлық саябақтар есігін айқара ашып, жұмысын бастады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив