KZ
Өскемен
+13°
пасмурно жел 1,4 м/с, ОШ
441.8 480.02 4.88

Өскемендегі "Солжағалау" саябақ кешені жұмысын бастады

18.08.2020, 06:03 208

17 тамыздан бастап шектеулердің кезең-кезеңмен алына басталуына байланысты қала тұрғындары арасында танымал демалыс орындазрының бірі –«Солжағалау» саябағы есігін ашып, жұмысын бастады.

Мұнда барлық демалыс нысандары келушілер үшін қол жетімді болмақ.

- 18 тамыздан бастап Солжағалау кешені 10: 00-ден 22: 00-ге дейін жұмыс істейді, - деп түсіндірді облыстық табиғи-ландшафт және сәулет-этнографиялық мұражай-қорық директорының орынбасары Руслан Қайырсынов. - Демалыс аймағында зообақ, катамарандар мен паравоздар жұмыс істейтін болады. Дегенмен этноауыл және барлық көрме залдар жабық болады. Демалыс күндері парктің ашық не жабық болатыны жөнінде әлі ештеңе айта алмаймыз. Қаулыны күтіп отырмыз.

Сонымен қатар Өскемен қаласында Жамбыл паркі мен Қасым Қайсенов атындағы саябақ арқылы өтетін жол 8: 00-ден 21: 00-ге дейін ашық болатыны хабарланды. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив