Өскемен: Спорт сарайында өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өтті
Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі
ШҚО ТЖД қызметкерлері адам көп жиналатын объектіде өрт сөндіру тактикасын пысықтады.
Өскемендегі Спорт сарайына 5 мыңға жуық адам сыяды. Оқу-жаттығу барысында ғимарат әкімшілігімен бірлесіп, адамдарды эвакуациялау және 30 шаршы метрді қамтыған өртті сөндіру қажет болды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Оқу-жаттығулар теориялық бөлімнен басталды, онда өрт сөндірушілер объектінің құрылымдық ерекшеліктерімен, ауданның сумен жабдықтау сұлбасымен, көлік инфрақұрылымының мүмкіндіктерімен және өртті сөндірудің тиімділігіне әсер ететін басқа да көптеген жағдайлармен танысты.
Бірінші кезекте, қызметкерлер өрт сөндіру бөлімшелерінің кездесуін ұйымдастыра отырып, адамдарды ғимараттан эвакуациялауды бастады. Қауіпсіздік мақсатында олар электр қуатын өшірді.
Шартты жануды сөндіруге ШҚО ТЖД күштері мен құралдарының барынша көп саны тартылып, отпен күресу үшін өрт сөндіру штабы құрылды.
Бір сағаттан аз уақыт ішінде өрт сөндірушілер қызыл жалынды толықтай ауыздықтады.