KZ
Өскемен
+23°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, Ю
443.44 480.51 4.88

Самар ауданында өрт тактикалық оқу-жаттығуы өткізілді

19.04.2023, 23:09 251 Ләззат Қанатқызы

Самар ауданының №32 Өрт сөндіру бекеті жасағы жауынгерлік дайындықты шыңдау мақсатында №3 Қарттар үйі ғимаратында түнгі уақытта өрт тактикалық оқу-жаттығуын өткізген.

Құтқарушылар медициналық кабинеттің ішінде орын алған шартты өртті сөндіру бойынша іс-қимылдарын жасады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
  Өрт сөндіру бекетінің қызметкерлері оқиға орнына тез арада жетіп, зардап шеккен адамдарды тысқа шығарып, дем алуға жарамсыз ортада жұмыс істеуге арналған аппараттарды қолданып, өртті сәтті ауыздықтады, дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Оқу-жаттығудың соңында №32 Өрт сөндіру бекетінің бастығы жаттығу кезінде орын алған кемшіліктерді жою бойынша нұсқаулықтар беріп, орындалу нәтижесіне баға берді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив