KZ
Өскемен
-2°
ясно жел 1 м/с, С
479.71 533.77 5.16

Өрт сөндірушілер арнайы орталықта оқу-жаттығу өткізді – ШҚО

Фото: gov.kz

30.06.2023, 10:17 317

ШҚО өрт сөндірушілері Глубокое ауданының Зимовье кентіндегі арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында оқу-жаттығу өткізді.

Шара орталық мамандарына өрт кезіндегі іс-әрекетті үйретуге бағытталған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Жоспар бойынша 3 қабатта орналасқан бөлмеде электр сымдарының қысқа тұйықталуынан өрт тұтанады. Автоматты өрт дабылы іске қосылып, оны тексерген нысан қызметкерлері өрт шыққанын біліп, өрт сөндірушілерге хабар берген. ШҚО ТЖД ұсынған дерекке сүйенсек, адамдарды эвакуациялау осындай мекемелерде күрделене түсетін көрінеді.

– Бұл – қиын нысан. Қарапайым сөзбен айтсақ, осы әлеуметтік мекемеге Глубокое ауданы мен Риддер қаласының барлық өрт-құтқару гарнизонының бөлімшелері жіберіледі. Сондықтан оқу-жаттығуларда өрт анықталғаннан кейін мекеме қызметкерлерінің алғашқы іс-қимылын, өрт сөндірушілердің қызметкерлермен бірлесе әрекет етуін пысықтау маңызды болды,  – деді ШҚО ТЖД Өрт сөндіру қызметінің жедел кезекшісі Денис Львов.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив