KZ
Өскемен
+26°
переменная облачность жел 5 м/с, ОШ
441.66 475.14 4.86

Құтқарушылар түнгі өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізді – Өскемен

Фото: gov.kz

5.05.2023, 19:06 279

ШҚО ТЖД Өскемен қаласындағы «Дос-Нар» базарында түнгі өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізді.

Оқу-жаттығуды өткізуге барлығы 9 техника мен жеке құрамның 60 қызметкері жұмылдырылған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Алдын ала жоспар бойынша өрт сөндірушілер базарда өрт тұтанғаны туралы хабар алған. Оқиға орнына жеткен мамандар түнгі кезекшілікке байланысты нысанда қалған үш адамның зардап шеккенін анықтап, эвакуациялады. Жалын аумағы 100 шаршы метрді құраған.

– Түнгі уақыт көбінесе кешке қарай болатын оқиғаларға ден қою және ШҚО ТЖД бөлімшелері мен базар персоналының өзара іс-қимылын, сондай-ақ зардап шеккендерді эвакуациялау жөніндегі іс-қимылдарды пысықтау мақсатында таңдалды. Өрт сөндірушілер қараңғыда құтқару жұмыстарын жүргізу үшін арнайы жарықтандыруды пайдаланды. Нақты нұсқаулық өткізілді, сумен жабдықтау және эвакуациялау жолдарының жай-күйіне назар аударылды, – деп түсіндірді ШҚО ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бастығының орынбасары Болат Нұрдыбаев.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив