Өскеменде атаулы күндерге арналған көрме көпшілікке ұсынылады
Фото: kzaif.kz
Әдеттегідей биыл да атаулы күндер күнтізбесі аясында мереке, мейрамдар мен ұлтқа қызмет еткен ұлы тұлғалардың мерейтойлары тойланатын болады.
Алдағы атаулы күндер мен мерейтойларға арналған «Ұлы даланың Ұлы тұлғалары» атты көрменің таныстырылымы 19 қаңтары күні Пушкин атындағы облыстық кітапханада өтеді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі
Облыс өміріндегі басты оқиғалар мен өңірімізге еңбегі сіңген атақты тұлғалар – мерейтой иелерін арқау еткен көрме бірнеше бөлімнен тұрады.
Аталған көрме мерейгер-мемлекет қайраткерлеріне арналған «Ұлт перзенті», қазақ халқының әдеби мұрасына сүбелі үлес қосқан қарымды қаламгерлер, оның ішінде жерлес ақын-жазушыларға арналған «Өмір жырын шерте білген», еліміздің, өлкеміздің өнерін дамытуда ерен еңбегімен ел жүрегінен орын алған шығармашылықтың жарқын өкілдеріне арналған «Өнермен өрілген өмір» және «Өр Алтайда ізі қалған тұлғалар» атты бөлімнен тұрады.
Сонымен қатар биылғы жылы аталып өтетін атаулы күндер қатарында Зайсан қаласының құрылғанына 155 жыл, Шығыс Қазақстан облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының құрылғанына 65 жыл, ШҚО жас техниктер станциясының ашылғанына 60 жыл, Б. Александров атындағы Спорт сарайының ашылғанына 55 жыл бар.