Биыл ШҚО-да бірнеше қаламгердің мерейтойы
фото: massaget.kz
Биыл ШҚО-да қазақ руханиятына үлес қосқан қарымды қаламгерлердің мерейтойы. Нақтырақ айтқанда, «Дидар» газетінің тұңғыш редакторы Мақсұт Тайшыбаевтың туғанына 120 жыл, жазушы Мүсілім Құмарбекұлының туғанына 85 жыл, ақын Ғалым Байбатыровтың туғанына 75 жыл толса, журналист Уәлихан Тоқпатаев 65 жасқа толады.
Есім-сойы елге таныс қаламгерлердің мерейтойы 2024 жылғы атаулы күндер күнтізбесінің негізінде тойланатын болады, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Жоғарыда аталған қаламгерлердің барлығы да обылстық «Дидар» газетінде қызмет қылып, ел руханиятына елеулі үлес қосқан жандар.
Иә, қаламымен артына із қалдырған қаламгерлердің мерейтойының атаусыз қалмасы анық. Алдағы уақытта арнайы іс-шаралар өтіп, тойлары тойланған сәтте толымды мақалалар жазатын боламыз.