KZ
Өскемен
+5°
ясно жел 1,1 м/с, В
479.38 531.63 5.27

Дәрігерлер жүктемесі азаяды: орта буын қызметкерлеріне тапсырма беріледі

Фото: Шартты сурет

24.05.2023, 19:23 244

Денсаулық сақтаудағы цифрлық технологиялар дәрігерлер жүктемесін біртіндеп азайтып, қосымша міндеттердің бірқатарын медицина қызметкерлерінің орта буынына беруге бағытталған.

Мейіргерлердің практикадағы рөлін күшейту арқылы медициналық көмек процесінде олар белсенді қатысушыға айналады. Тапсырманы бөлу туралы жаңашылдықтар медициналық-санитариялық алғашқы көмекті ұйымдастыру жөніндегі ҚР ДСМ жаңа стандартымен бекітілген. Аталған стандарт биыл наурыз айында шығарылған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.   

  "Мәселен, бүгінгі таңда орта медицина қызметкерлеріне пациенттерді алдын ала өз бетінше қабылдау, пациенттерді динамикада бақылау және тексеру, өз құзыреті шегінде пациенттердің карталарында медициналық құжаттамалар мен жазбаларды жүргізу сияқты міндеттер жүктелген. Сонымен қатар ақпараттық жүйелер арқылы дәрігердің тағайындауы бойынша пациенттерге дәрі-дәрмектерге тегін рецептілер жазу, пациенттер ағынын реттеу және сұрыптау, пациенттерді дәрігердің қабылдауына алдын ала жазу және тіркеу, үйге шақыруларды тіркеу, сондай-ақ активтерді қабылдау, тіркеу және беру, МСАК ұйымына бекітуге сұратуларды тіркеу де орта буын жауапкершілігіне берілді", делінген Денсаулық сақтау министрлігінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Мәліметке сүйенсек, «техникалық» жұмысқа жұмсалатын уақытты барынша қысқарту науқастарға көрсетілетін жәрдем уақытын арттырып, медициналық көмектің сапасын айтарлықтай жақсартады.

 "Медицинадағы цифрлық шешімдер дәрігердің күнделікті операциялардан жүктемесін азайту, мәліметтерді толтыру, пациенттерге сапалы медициналық көмек көрсету үшін оның уақытын босату бөлігінде тиімділіктің жоғары деңгейін көрсетеді", делінген министрлік хабарламасында.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив