Медицина қызметкерлерінің еңбекақысын бас дәрігерлер белгілейді
Қазақстанда медицина қызметкерлерінің еңбекақы мөлшерін бас дәрігерлер белгілейді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Бұл туралы Денсаулық сақтау минитстрі Елжан Біртанов мәлім етті.
Министрдің айтуынша, медицина қызметкерлерінің көбінің жұмыс талаптарына, әсіресе, еңбекақыға көңілдері толмайды екен. Әр қызметкер өзіне тиесілі жұмыс көлемін атқаратындықтан барлығына ортақ бірдей жалақы төлеуге болмайды. Сондықтан алдағы уақытта еңбекақы мөлшерін белгілеу медициналық мекемелердің басшыларына міндеттелмек. Яғни, бас дәрігер өз қызметкерлеріне еңбекақыны өзі тағайындайтын болады.
Бұл өзгеріс бас дәрігерлер жұмысының тиімділігіне де әсер етеді деп күтілуде.