KZ
Өскемен
+13°
небольшая облачность жел 1 м/с, В
513.68 583.03 6.24

Болашақ бағдарламасына 5 маусымда өтінім қабылдау басталады

Фото: eurasian-research.org

31.05.2023, 22:44 506 Мадина Амангелдіқызы

Қазақстанда 5 маусымда «Болашақ» бағдарламасы аясында құжат қабылдаудың үшінші легі басталады.

Өтінімдер 7 шілдеге дейін eGov.kz мемлекеттік қызметтер порталы арқылы қабылданады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жылдың соңына дейін өтінім қабылдаудың тағы бір легі өтеді: 17 шілде мен 15 қыркүйек аралығында.

Айта кетсек, 2023 жылы «Болашақ» бағдарламасы аясында 555 стипендия бөлінген. Оның ішінде 395 стипендия магистратура және резидентура, 50 стипендия докторантура, 110 стипендия тағылымдама бағдарламалары бойынша үлестірілген. Басым мамандықтар тізімі 262 мамандықты көздейді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу