KZ
Өскемен
+4°
пасмурно жел 1 м/с, В
485.04 525.98 5.04

«Болашақ» стипендиясына құжат қабылдау 3 сәуірде басталады

16.03.2023, 11:14 310 Ләззат Қанатқызы

«Болашақ» бағдарламасы аясында құжат қабылдаудың екінші легі 3 сәуірде басталып, 28 сәуірге дейін жалғасады.

Конкурстық іріктеуге қатысуға өтінім мемлекеттік қызметтер порталы – eGov.kz арқылы онлайн қабылданады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Қазақпарат сайтына сілтеме жасап.

Жылдың соңына дейін «Болашақ» стипендиясына өтінімдерді қабылдаудың тағы екі легі өтеді: 5 маусым мен 7 шілде аралығында, сондай-ақ 17 шілде мен 15 қыркүйек аралығында.

Биыл «Болашақ» стипендиясы үміткерлеріне қойылатын талаптар күшейтілді.

Енді үміткерлер шет тілін меңгергенін растауы тиіс. Ағылшын тілінде академиялық оқуға түсушілер нәтижесі кемінде 9.0-ден 6.0, тағылымдамадан өтушілер нәтижесі 9.0-ден 5.0 IELTS сертификатын ұсынуы керек.

Сонымен қатар, жыл басында жетекші шетелдік жоғары оқу орындарында академиялық оқуға арналған квоталық санаттар тізімі кеңейтілді.

Оқуға түсушілерді қолдау үшін инженерлік-техникалық кадрлар мен медицина мамандары үшін жеңілдіктер енгізілді.

Аталған өзгерістер ақасында қазақстандық дәрігерлер мен техникалық қызметкерлердің мерзімі 12 айға дейінгі тегін тілдік дайындықтан өтіп, «Болашақ» стипендиясы тағайындалғаннан кейін бағдарлама аясында білім алуға ұсынылатын университеттер тізімінен оқу орнын таңдауға мүмкіндігі бар.

Жалпы алғанда, биыл магистратура және резидентура бағдарламаларына 395 стипендия, докторантураға 50 стипендия, тағылымдамадан өту үшін 110 стипендия бөлінді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив