Бизнесті реттеуші талаптар бойынша қандай жұмыс атқарылып жатыр?
Фото: egemen.kz
17 маусымда Үкіметте кәсіпкерлік саласында «таза парақтан» реттеуді енгізу және бизнес субъектілерін мемлекеттік бақылау және қадағалау жүйесін автоматтандыру мәселелері қаралды.
Кеңесте Премьер-Министр Әлихан Смайылов атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады, деп хабарлайды Altaynews primeminister.kz ресурсына сілтеме жасап.
Жиында «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Мәлік Сәулебай, ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев, энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев, индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Динара Щеглова атқарылып жатқан жұмыстар жайлы мәлімдеді.
Кеңесте Әлихан Смайылов Ауыл шаруашылығы, Энергетика, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктеріне аталған жұмысты 30 маусымға дейін аяқтауды тапсырған.