Бизнесті реттеу шартына сай келмейтін 10 108 талап анықталған
Фото: egemen.kz
17 маусымда Үкіметте кәсіпкерлік саласында «таза парақтан» реттеуді енгізу және бизнес субъектілерін мемлекеттік бақылау және қадағалау жүйесін автоматтандыру мәселелері қаралды.
Кеңеске ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов төрағалық етті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі primeminister.kz ресурсына сілтеме жасап.
Кеңесте мемлекеттік органдар «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, бизнесті реттеудің 44 саласына талдау жасағаны айтылды. Нәтижесінде жаңа реттеу саясатының шарттарына сәйкес келмейтін 10 108 талап анықталды.
"Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың айтуынша, бүгінде кәсіпкерлерге қойылатын негізсіз талаптарды жоюға арналған заңнамалық актілерге 386 түзетуден тұратын бірыңғай пул қалыптастырылған. Жақын арада оларды Парламенттегі Бизнесті жүргізу мәселелері туралы заң жобасына (9 пакет) қосу жоспарланып отыр. Сонымен қатар мемлекеттік органдар заңға тәуелді актілерге сәйкес талаптардың күшін жоюды және қайта қарауды іске асыруда", – деп жазылған хабарламада.
Оқи отырыңыз