Биыл 25,3 мың шақырымға жуық электр желісі жөнделмек
Фото: primeminister.kz
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов төрағалық еткен Үкімет отырысында алдағы жылыту маусымына даярлық барысы қаралды.
Дерекке сүейенсек, биыл 25,3 мың шақырымға жуық электр беру желісін жөндеу жоспарланған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі primeminister.kz ресурсына сілтеме жасап.
Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев осы жылы электр стансаларында 10 энергоблок, 49 қазандық және 54 турбинаны күрделі жөндеуден өткізу жоспарланғанын баяндады. Қазіргі таңда 3 энергоблок, 19 қазандық және 8 турбинада жұмыс жүргізіліп жатыр. 3 қазандық пен 8 турбинада жөндеу жұмыстары аяқталды.
Биыл 25,3 мың шақырымға жуық электр беру желісін, 567 қосалқы стансаны, 3,5 мың тарату пунктін және трансформаторлық қосалқы стансаларды жөндеу жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда 2 мың шақырымға жуық электр беру желілері, 69 қосалқы станса, сондай-ақ 469 тарату пункті мен трансформаторларда жұмыс аяқталды.