KZ
Өскемен
-2°
туман жел 1 м/с, ОБ
494.87 520.65 4.91

Риддер ЖЭО-ның 6 қазандығын жөндеуді бастауға дайындық жүргізілді

Фото: egemen.kz

27.06.2023, 11:39 319

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов төрағалық еткен Үкімет отырысында жылыту маусымына даярлық туралы айтылды.

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Риддер ЖЭО-ның қазандықтарын жөндеуге қатысты деректерді мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі primeminister.kz ресурсына сілтеме жасап.

Министр жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде алдағы жылыту кезеңінде тәуекел аймағына кіретін энергетикалық кәсіпорындарға ерекше назар аударылатынын атап өтті. Атап айтқанда, Риддер ЖЭО-ның барлық 6 қазандығын жөндеуді бастау үшін қажетті шаралар қабылданды. Осындай жұмыстар Екібастұз, Жезқазған, Кентау және өзге жылу электр орталықтарында да жүргізіліп жатыр.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаевтың дерегіне сәйкес, бүгінде әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлер алдағы жылыту кезеңіне қызу дайындық жүргізіп жатыр. 22 маусымдағы жағдай бойынша 2,5 мың білім беру нысаны мен 1,7 мың денсаулық сақтау нысанында және 7,3 мың тұрғын үйде қысымды тексеру жұмыстары жүргізілді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу