KZ
Өскемен
+16°
ясно жел 3 м/с, ОБ
479.05 534.57 5.17

Зауыттар қоймадағы қантты сата алмай отыр – Серік Жұманғарин

Фото: egemen.kz

27.06.2023, 15:56 309

Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин қант бағасы туралы деректерді ұсынды.

Министр отандық зауыттар қоймадағы қантты сата алмай отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

– Әуелде қанттың көтерме бағасының ең төменгі деңгейін енгізгіміз келді, әзірге тоқтадық. Өйткені қант қымбаттап жатыр. Бізде қант өндірісі Ресейге қарағанда қымбатқа түседі. Әзірге ресейлік қант арзан, дегенмен біз әзірге жағдайды қалыпта ұстауды жөн көрдік. Отандық қант зауыттарын қолдау шаралары қазір пысықталып жатыр. Әзірге қант бағасының босаңсуына жол бермеу үшін өндірушіні субсидиялау нұсқасын ғана қарастырамыз, – деді Серік Жұманғарин.

Министр сонымен қатар шикізаттың қымбаттағанын да айтты.

– Мәселені шешуде ұзақмерзімді перспектива тиімдірек. Әрине, қазір жағдай өте тиімді – қант арзан. Бірақ біздің зауыттар қоймадағы қантты сата алмай отыр. Себебі өндіріс құны өте қымбат. Өйткені шикі қант биржаларда қатты қымбаттады. Қант тапшылығы қаупі жоқ, ал қымбаттау бойынша мәселені қарастырамыз, – дейді ол.


                

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив