Бұдан былай қант проблемасы болмайды – министр
Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин бұдан былай қант проблемасы болмайды деп мәлімдеді.
- Біз отандық тауар өндірушілерді қолдау үшін көтерме баға енгіздік. Инфляцияға олар ешқандай әсер етпейді. Өйткені қазір бағалар теңдесуде, себебі теңге мен рубльдің айырмашылығы жақсарып келеді, - деп атап өтті ведомство басшысы Үкіметте өткен брифингте.
Айтуынша, қант өндірісін жақсарту шаралары қолға алынған.
- Біз өзіміздің қант зауыттарымыздағы қаржыландыруды аяқтадық. Жақын арада оны іске қосуға дайынбыз. Әрине, көп мөлшерде құрақ қанты болады, бірақ былтырғыдай проблема болмайды. Меморандумда оның ең жоғары бағасы 460 теңге деп көрсетілген. Бұл біздің дүкен сөрелеріндегі бағалар, - деді Премьер-министрдің орынбасары.
Белгілі болғандай, өткен жылы отандық қанттың 306 мың тоннасы өндірілген.
- Былтыр біз құрақ қантынан 306 мың тонна қант пен 50 мың тонна қызылша қантын өндірдік. Бұл өте жоғары көрсеткіш. Бұған дейін өндіріс көлемі 100 мыңнан сәл ғана асатын, - деді Серік Жұманғарин.