Жемқорлық бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 5 қызметкері сотталған
Фото: egemen.kz
2022 жылы барлық құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдар 1 724 сыбайлас жемқорлық қылмысты тіркеген.
Бұл Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 2022 жылғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндамасында айтылған, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Осы тіркелген 1 724 қылмыстық істің 549-ы пара беру, 446-сы пара алу, 311-і алаяқтық, 110-ы лауазымының өкілеттіктерін теріс пайдалану, 87-сі сеніп тапсырылған мүлікті иемдену немесе ысырап ету фактілері бойынша қозғалған.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 1118 сыбайлас жемқорлық қылмысты тіркеді, 1016 адам әшкереленді.
Қылмыстық схемалардың және жоғары лауазымды адамдардың қатысуымен болған сыбайлас жемқорлық «пирамидаларының» жолын кесуге баса назар аудару нәтижесінде ауыр және аса ауыр қылмыстарды анықтау өсімі 13%-ды (733-тен 827-ге дейін) құрады.
Кәсіпкерлердің құқықтарын қозғайтын сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасағаны үшін 115 лауазымды тұлға әшкереленді. 73 лауазымды тұлға сотталды, шенеуніктердің озбырлығынан 106 кәсіпкердің құқығы қорғалды.
Сотқа дейінгі аяқталған тергеулер бойынша өтелген залал сомасы 108 млрд теңгені құрады.
Жалпы, Агенттік 653 млрд теңгеге жуық сомадағы мүліктік активтер мен ақшалай қаражатты қайтаруды қамтамасыз етті.
Сотқа жіберілген және ақталмайтын негіздер бойынша тоқтатылған әрбір қылмыстық іс бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен заң бұзушылықтарды жою туралы жүз пайыз ұсыныс енгізу қамтамасыз етілді (867 ұсыным, 665 лауазымды адам тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 314 басшы).
Сыбайлас жемқорлық қылмыс туралы хабарлағаны үшін 134 адамға 40,6 млн теңге сомасына сыйақы төленді, 7 мемлекеттік қызметші грамотамен марапатталды.
2022 жылы 83 адам іздестірілді. Қабылданған шаралар бойынша олардың саны 59-ға дейін азайды. Елдің шегінен тыс жерде 6 адам ұсталды, олардың біреуі 11 жылдан астам іздеуде болған.