KZ
Өскемен
-3°
небольшой снег жел 2 м/с, З
494.87 520.65 4.91

ШҚО-да жемқорлық бойынша тағы да басшылар сотталды

16.10.2019, 04:24 323

Өскемен қаласының Ветеринария және ауыл шаруашылығы бөлімінің бұрынғы басшысы пара алғаны үшін сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Өскемен қаласының Ветеринария және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы С. Күдебаевқа және осы бөлімнің бас маманы Қ. Серіковке қатысты бірнеше рет пара алды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Олар кәсіпкерлік субъектілерінен жалпы қамқорлығы үшін жүйелі негізде (тұрмыстық сыбайлас жемқорлық) пара алды деген күдікке ілінген болатын.

15 қазанда Өскемен қаласының №2 сотының үкімімен аталған лауазымды тұлғалар пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, оларға 1 638 000 теңге мөлшерінде айыппұл салынды, сондай-ақ мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айырды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу