KZ
Өскемен
-4°
пасмурно жел 2 м/с, З
491.71 529.97 5.05

Ауыл шаруашылығы техникасының 80 пайызы тозып тұр – Президент

Фото: egemen.kz

1.09.2023, 12:07 393

Бүгінгі таңда елдегі ауыл шаруашылығы техникасының 80 пайызы тозған. Жыл сайын техниканың 8-10 пайызын жаңартып отыру қажет.

Бұл туралы Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

– Ауыл-аймақты дамыту үшін шағын шаруашылықтарды қолдау өте маңызды. «Ауыл аманаты» бағдарламасының елге қажет екені айқын көрінді. Оның келесі кезеңінде жеңілдетілген несие берумен шектеліп қалмау керек. Жеке қосалқы шаруашылық иелері өзара бірігуі қажет. Осыған қажетті жағдай жасалуға тиіс.
Машина-трактор паркінің әбден ескіріп, тозуы күрделі мәселеге айналды. Қазір ауыл шаруашылығы техникасының 80 пайызы тозып тұр. Сондықтан жыл сайын оның 8-10 пайызын жаңартып отыру қажет. Бұл ретте еліміздегі техника өндірушілер мен шаруалардың да мүддесін ескерген абзал.
Қазір жаһандық бәсеке күшейіп тұр, тауар нарығында өзгеріс бар. Мұндай жағдайда өнім өткізу саясатына ерекше мән беруіміз керек. Жылдар бойы қалыптасқан ішкі және сыртқы нарықтағы орнымызды сақтап қалу айрықша маңызды. Үкіметтің алдында сыртқа шығарылатын өнім нарығының ауқымын жоспарлы түрде кеңейту міндеті тұр. Қазақстанның тауарларын шетелге таныту және шығару үшін тиісті шаралар қабылдаған жөн, – деді Мемлекет басшысы.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив