KZ
Өскемен
-17°
туман жел 1 м/с, СБ
524.66 550.21 5.09

"Семей орманы" резерваты техникасының 80 пайызы тозған

Фото: instagram.com/glpr.semeyormany

13.08.2023, 15:35 239 Оразай Жеңісұлы

«Семей орманы» резерваты техникасының 80 пайызы тозған. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты Қазақпаратқа сілтеме жасап. 

«Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылдың 20 шілдедегі «Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру жөніндегі нормалар мен нормативтерді бекіту туралы» 18-02/664 бұйрығына сәйкес, резерваттың жабдықталуы 92 пайызды құрайды. Амортизациялық тозуына байланысты техника мен жабдықтардың 80 пайызы есептен шығаруға жатады», – деп мәлімдеді министрлік агенттіктің ресми сауалына берген жауабында.

Ведомствоның ақпаратына сүйенсек, қазіргі уақытта Қазақстан Үкіметінің 2023 жылдың 15 маусымындағы қаулысымен азаматтық қорғаныс саласындағы 2023 -2027 жылдарға арналған бірінші кезектегі іс-шаралардың кешенді жоспары (бұдан әрі – кешенді жоспар) бекітілді.

2023-2027 жылдарға арналған республикалық бюджеттен орман шаруашылығы мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мұқтаждықтарына арналған кешенді жоспар бойынша қаржыландырудың жалпы қажеттілігі 68,5 млрд теңгені құрайды. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды материалдық-техникалық қамтамасыз етуді нығайту жөніндегі бірінші кезектегі іс-шараларға арналған кешенді жоспар аясында осы жылға 8,2 млрд теңге көзделген. Оның ішінде резерват үшін 1,4 млрд теңге (өрт сөндіру автомобилі – 15 бірлік, шағын орман патрульдік кешені – 14 бірлік, жылжымалы көлік құралы тіркемесі – 3 бірлік, өрт тіркеме бөшкесі - 8) қарастырылып отыр.

2027 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңде табиғат қорғау және орман мекемелерінің материалдық-техникалық жарақтандырылуын лайықты деңгейге дейін жеткізу көзделген.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу