Депутат Ринат Зайытов: Ұлттық құраманың бас бапкеріне көз тиген бе?
Фото: championat.com
Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкеріне қатысты пікір айтты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.
Айта кетейік, бүгін Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында Қазақстан футбол құрамасының бас бапкері Магомед Адиевті орнынан алу туралы ұсыныс айтылды. Депутаттар алдында есеп берген Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаевқа футболдың төңірегінде сұрақ көп қойылды.
Еске сала кетейік, жақында Магомед Адиев Ресейдің «Ахмат» командасының бас бапкері қызметіне тағайындалған.
Магомед Адиев 2022 жылдан бері Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметін атқарып келеді. Содан бері 22 ойынның 11-де жеңіске жетіп, 1-де тең ойнаса, қалғанында қарсыластарға есе жіберді.