KZ
Өскемен
-7°
туман жел 3 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Елімізде спорт дәрігерлерінің санын арттыруға күш салынады

6.12.2023, 16:35 134

Елімізде спорт дәрігерлерінің тапшылығы байқалады. Бұл туралы бүгін облыс тұрғындарымен кездесу барысында еліміздің туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев мәлім етті.

– Өкініштісі қазір еліміздегі бейінді білім беру мекемелері жылына небары 45 спорт дәрігерін оқытып шығарады. Республикамызда барлық жастағы ұлттық құрамаларды есептегенде, 13 мыңнан астам спортшы бар екенін ескерсек, 45 дегеніміз өте аз. Сол себепті, кей жағдайда дәрігерлердің жетіспеушілігі салдарынан оқу-жаттығу жиындары мен ірі жарыстарда саңлақтарымыз түрлі жарақат алып, уақтылы маман көмегіне жүгіне алмай жатады. Ал мұның бәрі спорттық нәтижелерге әсер етпей қоймайды. Осы бір олқылықтың орнын толтыру үшін біз Ғылым және жоғары білім министрлігімен осы мамандық бойынша білім гранттарының санын арттыру туралы келіссөздер жүргізудеміз, – деді Ермек Маржықпаев.

Оның айтуынша, қазір барлық жастағы ұлттық құрамаларда 39 дәрігер мен 20-дан астам массажист жұмыс істейді.
Сондай-ақ министрлік басшысы алдағы уақытта елімізде спорттық фармакологияны дамытуға баса назар аударылатын да жеткізді.

Нұржан Кенжеұлы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу