KZ
Өскемен
-8°
облачно с прояснениями Штиль
498.34 519.72 4.85

Қазақстан құрамасы Азия ойындарында үшінші алтын медальді жеңіп алды

Фото: Туризм және спорт министрлігі

28.09.2023, 12:56 377 Ләззат Қанатқызы

Ханчжоуда (ҚХР) өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко стендтік ату турнирінің аралас жұптық сайысында алтын медаль жеңіп алды.

Туризм және спорт министрлігі мәлім еткендей, «Скит» жаттығуының финалында қазақстандықтар Кувейттен келген қарсыластарынан озық болды. Қорытынды есеп – 40:35, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.
Бұл – Азиададағы еліміздің ұлттық құрамасы үшін үшінші алтын медаль.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Әсем Орынбай, Зоя Кравченко және Ольга Панаринадан жасақталған Қазақстанның әйелдер командасы «скит» жаттығуында алтын медаль жеңіп алып, Азия ойындарының рекордын орнатты. Ал жекелей сында Әсем Орынбай қола жүлдеге ие болды.

- Біздің мергендер тағы да керемет нәтиже көрсетті! Спортшыларды, жанкүйерлерді және команданың жаттықтырушылар штабын осы жеңіспен құттықтаймын. Бүкіл ел мергендерімізбен мақтанады. Бұл жеңіс мыңдаған қазақстандық жеткіншектерді осы спорт түрімен айналысуға шабыттандыратынына сенімдімін, - деді Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу