KZ
Өскемен
-2°
небольшой снег жел 4 м/с, З
494.87 520.65 4.91

Ермек Маржықпаев Туризм және спорт министрі болды

Фото: t.me/Turizm_jane_sport_ministrligi

6.02.2024, 21:16 180

Ермек Маржықпаев Туризм және спорт министрі қызметін жалғастыра беретін болды, деп хабарлайды Altainews.kz сайты ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

- Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермек Боранбайұлы Маржықпаев Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі лауазымына тағайындалды, — деп жазылған Ақорданың ресми сайтында.

Айта кетейік, Ермек Боранбайұлы 1969 жылы Целиноград қаласында дүниеге келген.

С.Сейфуллин атындағы Ақмола мемлекеттiк педагогикалық институтын, «Тұран» университетiн және Көкшетау университетiн бiтiрген.

Еңбек жолын 1991 жылы дене шынықтыру мұғалiмi болып бастаған.

1992-1993 жылдары — Ақмола облысы Бурабай кентiнің орта мектебінде мұғалім.

1993-1994 жылдары — «Шонай» ШЖК директоры.

1994-2008 жылдары — «Береке-Бурабай» ЖШС директоры.

2008-2012 жылдары — Ақмола облысы Аршалы ауданының әкiмi.

2012-2013 жылдары — Ақмола облысы Зерендi ауданының әкiмi.

2013-2014 жылдары — Ақмола облысы әкiмiнiң орынбасары.

2014-2015 жылдары — Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгi Мемлекеттiк бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлiмiнiң мемлекеттiк инспекторы.

2015-2019 жылдары — Ақмола облысы Көкшетау қаласының әкiмi.

2019 жылғы наурыздан — Ақмола облысының әкiмi.

2023 жылғы 2 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен туризм және спорт министрі болып тағайындалды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу