Азиада-2022: Қазақстан қоржынына екінші «алтын» түсті
Фото: ҚР туризм және спорт министрлігі
Ел құрамасы Азия ойындарында екінші алтын медальді жеңіп алды.
10 метр қашықтықтан жылжымалы нысанаға оқ ату сайысында 18 жастағы Зухара Ирназарова чемпион атанды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі ҚР Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап. Отандасымыз 560 ұпай жинап, Солтүстік Кореядан келген екі мергеннен озып кетті.
Бұл – Азиададағы еліміздің ұлттық құрамасы үшін екінші алтын медаль.
Естеріңізге сала кетейік, кеше Әсем Орынбай, Зоя Кравченко және Ольга Панаринадан жасақталған стенд атудан Қазақстанның әйелдер командасы «скит» жаттығуында алтын медаль жеңіп алып, Азия ойындарының рекордын 350 балға жеткізді.